ҚР ІІМ ескертеді: сақ болыңыз, алаяқтықтың жаңа түрі
ҚР ІІМ ескертеді: сақ болыңыз, алаяқтықтың жаңа түрі
8 жыл бұрын 3092

Қолданыстағы заңнамаға байланысты көлік құралын мемлекеттік тіркеу және МТНБ беру тек ішкі істер органдарының құзыретіне кіреді. Бұл туралы ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды. «Жол жүрісі туралы» Заңның 1-бабының 37-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі – мемлекет меншігі болып табылатын және механикалық көлік құралына берілетін дербес әріптік-сандық белгіден тұратын және ұлттық стандарт талаптарына сәйкес жасалған өнім. Бұл ұғым «Транзит» нөмірлік белгілеріне де қолданылады. Көлік құралының меншік құқығын жаңа иесіне беру кезінде МТНБ-ны қайырымдылық жолымен және қайта тапсыруға жатпайды. Сонымен қатар, қазіргі таңда жоғары сұраныстағы МТНБ-ның сатылуы жөнінде белгісіз тұлғалар интернет желілерінде түрлі жарнамалар жасауда. Өз хабарландыруларында белгісіз тұлғалар көбінесе қазіргі уақытта қолданысқа берілген және көлік құралдарының жаңа иелеріне қайта тағайындалуы мүмкін емес немесе мүлдем жоқ МТНБ-ны көрсетеді. Мысалы, Қазақстан Республикасында МТНБ дайындау барысында Q, I, G және J әріптері қолданылмайды. Осылайша, мұндай іс-әрекеттерден онлайн алаяқтық белгілерін көруге болады.



0 пікір
Мұрағат