Жапонияда гендермен өңделген ұрықты имплантациялауға заң жүзінде тыйым салынады
Жапонияда гендермен өңделген ұрықты имплантациялауға заң жүзінде тыйым салынады
3 сағат бұрын 59 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Күншығыс елінің министрлер кабинетінен жасақталған сарапшылар комиссиясы адамдарға немесе жануарларға олардың ұрпақ өрбітуі мақсатында имплантациялау үшін адам ұрығын генетикалық тұрғыдан түрлендіруге заң жүзінде тыйым салуға және жазалауға келісті. Бұл жайында islam.kz порталы Kyodo News ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қиыр щығыстағы аталған арал мемлекеттің денсаулық сақтау және ғылым министрліктерінің бірлескен комиссиясы, сондай-ақ, Балалар мен отбасылар ісі жөніндегі агенттік талқылаған саясат генетикалық тұрғыдан редакцияланған балалардың тууын заңды түрде шектеуге бағытталған. Үкімет тиісті заң жобасын 2026 жылы Парламенттің кезекті сессиясына енгізуді жоспарлап отыр. Қолданыстағы ұсыныстар гендік тұрғыдан редакцияланған эмбрионды адам жатырына орнааластыруға байланысты зерттеулерге тыйым салғанымен, бұл тараптағы заң талаптарын бұзғандар жазаланбайды. Жапон билігі адамдардың жетілу немесе интеллект сияқты таңдаулы қасиеттерді таңдау үшін «дизайнерлік сәбилерді» көтеру әрекеттеріне алаңдаушылық білдіріп отыр. Еуропаның көптеген елдерiнде бұл сала реттеліп, заңмен қолданылатын нормативтiк актiлер белгiленген. Ең басты қауіп – мұндай әрекеттің салдары ауыр болуы ықтимал. Яғни, гендік технология қолданылған ұрпақтың бойынан қылаң беретін түрлі ауытқу түріндегі ауыртпашылық адамзаттың өзіне қатер төндіруі мүмкін. Үкімет адамның немесе жануардың жатырына генетикалық тұрғыдан өңделген ұрықты орналастырғандарды 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесуді немесе 10 миллион иенге (64 000 доллар) дейін айыппұл салуды ұйғарып отыр. Бұдан бөлек, гендік тұрғыдан редакцияланған эмбриондармен зерттеу жүргізілетін болса, үкіметті хабардар етуді және құжаттаманы міндетті түрде жүргізуді талап етеді. Шәуеттердiң немесе жұмыртқалардың генетикалық модификациясы, сондай-ақ, генетикалық рекомбинацияның әдеттегі технологияларын пайдалану процедуралары да реттелуі тиiс. Десе де құқық актілер іргелі зерттеулерге тыйым салмайтынын айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат