|
Жасанды зердеге арқа сүйеген дәрігерлердің білікітілігі төмендеп барады
|
Бұл тараптағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, адамдар өзіне жүктелген тапсырмалар мен міндеттердің орындалуын жеңілдету үшін жасанды зердеге иек артқан сайын өз бетінше жұмыс істеу қабілетінің төмендейді. Бұл ғылымда «десклифинг» деп аталатын құбылыс. Бұл жайында islam.kz порталы * Nature * халықаралық академиялық мерзімді басылымға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. АІ-ге тәуелділігінің өсуіне қарай нақты дағдыларының төмендейді. Полшадағы Силез академиясы мен Норвегиядағы Осло университетінің халықаралық бірлескен зерттеу тобы 2000-ден аса колоноскопия процедурасын (тоқ ішектің шырышты қабатының диагностикалау) өткізген 19 тәжірибелі дәрігердің тексеру нәтижелерін талдады. Олар күдікті полиптерді белгілейтін АІ енгізгенге дейінгі және енгізгеннен кейінгі дәрігерлердің АІ-сыз тексерулері кезінде аденоманы анықтау деңгейінің қалай өзгергенін салыстырды. Тексеру нәтижесі теріс шыққан. Аденомалар - колоректалды обырға ұласуы мүмкін полиптің түрі. Оның табылу жиілігі дәрігердің табу қабілеттерін бағалау үшін жалпы индикатор ретінде қызмет етеді. АІ технологиясына тәуелділіктен біліктіліктің төмендеуі бағдарламалық жасақтаманы әзірлеушілерге бағытталған тәжірибе кезінде де тіркелді. АІ саласындағы Anthropic компаниясы 52 әзірлеушіні екі топқа бөлді: бір тобы АІ көмегімен бағдарламалау бойынша міндеттерді орындады, екіншісі - АІ-сыз. Тапсырмалар орындалғаннан кейін екі топ да жаңа тұжырымдамаларды түсіну, кодты түсіндіру және қателерді диагностикалау қабілеттілігін бағалайтын тесттен өтті. Бұл тексеру сынағында оларғы жасанды зерде көмегіне жүгінуге тыйым салынды. Нәтижесінде AI пайдаланатын топтың дұрыс жауаптарының орташа пайызы шамамен 50% құрады, ал AI жоқ топ шамамен 67% жинады. Технология адамның белгілі бір қабілеттерін төмендететіні бұрыннан белгілі. Мәселен, адамдардың GPS (Жаһандық позициялау жүйесі) кеңінен енгізілгеннен кейін бағыттарды есте сақтау қабілеті төмендеген. Алайда, ақпаратты түсіндіру және пайымдау сияқты түрлі когнитивтік әрекеттерді алмастыратын генеративті АІ қолданыстағы автоматтандыру технологияларына қарағанда анағұрлым кең ықпалға ие болып шықты. Жасанды зерденің адам эволюциясына кереғар технология ретіндегі әсері тағы бір мәрте расталды.