Корей косметикасы халал стандартына көшеді
Корей косметикасы халал стандартына көшеді
1 сағат бұрын 56 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

LADYK бренді мұсылмандарға бағдарланған алғашқы әрі бірден-бір корей опа-далабы. Таяуда бренд өндірушілері «Халал» және «Веган» сертификатына ие болды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде mk.co.kr.  ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. "Әлемдік халал сұлулық индустриясы нарығы жыл сайын 13% -ға өсіп келеді. Оның айналымы 2032 жылға қарай 143 млрд долларға жетуі тиіс. Индонезия қазан айынан бастап косметикаға халал сертификатын бере бастады. Халал өнімдер нарығы бьюти-индустрияда жұмыс істейтін корей компаниялары үшін үлкен мүмкіндіктердің тұғырнамасына айналды", - деді LADYK брендімен косметика шығаратын Rae DK компаниясының атқарушы директоры Ким Мин Жун. Тұтынушыға қол жеткізу әрі олардың талғамынан шығу үшін аталған компания Малайзияда өкілдік ашып, осы елдің азаматтарын жұмысқа алды. Ол технологиялық стартаптарды қолдау бағдарламасы - TIPS сияқты корейлік мемлекеттік қолдау бағдарламаларын пайдаланады. Бәсекеге қабілеттілікті қолдау үшін бренд теріге күтім жасау құралдарының өндірісінде өмірлік маңызды жасушалық процестерге қатысатын және тері жасушаларын жаңартуды ынталандыратын нуклеотидтер өнімдерінің құрамына қосу сияқты жаңа технологияларды пайдаланады. Компания келесі жыы Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің нарықтарына шығуды, Парсы шығанағы елдерінің ынтымақтастық кеңесі арқылы келісімшарттар жасасуды жоспарлап отыр.

Ким Мин Джун, фото: mk.co.kr

Ким Мин Жун, фото: mk.co.kr

0 пікір
Мұрағат