|
Жат әдетке қарсы шарадан жүрек пен өкпе аурулары айтарлықтай азайған
|
Соңғы 20 жылда әлемнің көптеген елінде қоғамдық орындарда темекі тартуға салынған тыйымның нәтижесінде жүрек-қан тамыр ауруларынан зардап шегетіндер қарасы 10%-ға, өкпе дертіне шалдығатындар саны 17%-ға кеміген. Бұл жайында islam.kz порталы MedPageToday ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған аурулардан емхана төсегіне таңылатындар саны 9%-ға азайған әрі осы аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші де осынша төмендеген. Халықаралық ғалымдар тобы бұл бағытта 144 зерттеуге метаталдау жүргізе келе осындай қорытынды жасады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жат әдетке үйір болудың алдын алатын конвенциясы 2005 жылы қабылданған еді. Бұл конвенцияға АҚШ пен тағы ондаған ел қосылған жоқ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды