Калифорния штаты Ораза айт пен Құрбан айтты ресми танитын екінші штат ретінде тарихта қалуы мүмкін
Калифорния штаты Ораза айт пен Құрбан айтты ресми танитын екінші штат ретінде тарихта қалуы мүмкін
2 сағат бұрын 45 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Калифорния штатының билігі қазіргі уақытта исламофобия кеңінен етек алған Америка құрама штаттарының мұсылман жамағаты үшін маңызды қадамға баруға бел буып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш штатта көп ұзамай жаңа мемлекеттік мерекелер пайда болуы қытимал. Штаттың Сан-Франциско қаласынан сайланған заң шығарушы органының мүшесі Мэтт Хейни AB 2017 заң жобасын таныстырды. Онда исі мұсылман атап өтетін Ораза айт (қасиетті Рамазан айы біткенде болатын мейрам) пен Құрбан айтты (қажылық маусымынан бірер ай өткенде мерекеленетін) ресми тану қарастырылған. Заң жобасы қабылданатын болса, өмірдің түрлі салаларына қатысты қолданылады. Білім беру саласында мемлекеттік мектептер мен қоғамдық колледждердің студенттері мен шәкірттерінің айт күндері демалуына мүмкіндік береді, ал оқушылар үшін бұл күндер сабаққа қатыспауға орынды себептерді келтіру қажеттілігін жояды. Мемлекеттік қызметшілер үшін ақылы демалыс, жыл сайынғы демалыс, өтемақы уақыты немесе жеке мерекелік несиені пайдалану мүмкіндігі қарастырылған, алайда, бұл күндері соттар мен ресми мекемелер жұмысын жалғастырады. Сан-Францискодағы Ислам қоғамының бастамасын ұсынған Мэтт Хейни заңның мұсылмандарға қатысты әділетсіздікті жоюға бағытталғанын атап өтті. Оның айтуынша, Калифорния мұсылмандарының қарасы жарты млн адамнан асады. Калифорния АҚШ-тағы мұсылмандар көп шоғырланған аймақ ретінде алға шығады. Рождествомен және Пасхамен тең дәрежеде тойланатын Ораза айт пен Құрбан айттың ресми танылуын жергілікті мұсылмандар қуана қолдап отыр. CAIR-CA (Американ-ислам қатынастары жөніндегі кеңестің Калифорния бөлімшесі) заң шығару және үкімет мәселелері жөніндегі директоры Усама Мокеддем мұны «Калифорниядағы миллионнан астам мұсылман үшін тарихи сәт» деп бағаласа, Muslim Impact Council негізін қалаушы Хала Хижаз мұндай бастаманың маңызына айрықша тоқталды. Осы орайда Калифорния Ораза айт пен Құрбан айтты мемлекеттік мереке ретінде ресми танитын алғашқы штат емесін айта кету керек: өткен жылы (2025) Уашингтон губернаторы АҚШ бойынша мұсылмандар мерекесін ресми тану туралы жарлықққа қол қойды. Алайда, Уашингтон заңы символикалық тұрғыдан маңызды болғанымен, бұл күндерді (Ораза айт пен Құрбан айт) Мартин Лютер Кинг күні немесе Жергілікті халықтар күні сияқты «танылған күндер» тізіміне қосады. Хейни заң жобасы мерекелерді білім беру кодексіне және мемлекеттік қызметкерлер туралы кодекске біріктіреді.

Ұқсаас материал: 

Вашингтонда Рамазан айына ресми мәртебе берілді

0 пікір
Мұрағат