|
Канада тұрғыны әуе шарларымен аспанға ұшты (видео)
|
Канада тұрғыны пластик үстелге гелийлі 100-ден аса шарды байлап, Калгари қаласының аспанына көтерілді деп хабарлайды nur.kz порталы epochtimes.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.
26 жастағы Дэниэль Бориа өз компаниясын жарнамалау үшін осындай тәуекелге барыпты. Жігіт ерекше жарнамаға бірнеше ай бойы дайындалған. Ал гелиймен толтырылған шарлар үшін ол $12 000 төлепті.
“Ұшу аппараты” басқарылмайтын болғасын, канадалық жерге парашютпен секіріп, тобығын шығарып алды. Артынша полицейлер оны рұқсатсыз ұшқаны үшін тұтқындады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады