|
Катар Палестинаға қалай көмектесуде?
|
Палестинаның жиырма мың азаматы, дәлірегі, Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауының тұрғындары Катарда уақытша жұмыс істейтін болды. Бұл жайында MAAN ақпарат агенттігі хабар таратты. Палестинадағы Катар елшісінің сөзіне қарағанда, олардың 200 адамнан тұратын алғашқы тобы қасиетті Рамазан айынан кейін Катарға аттанады. Сондай-ақ, елші мырза олардың түрлі салаларда еңбек ететінін жеткізді. Катарда тұратын палестиналық босқындар да ескерусіз қалмайтын болды. Оларға да екі қолға бір күрек тауып береді. Палестиналық азаматтарға жұмыс тауып беру турасындағы өтінішті Палестина премьер-министрі Рами Хамдалла өткен жылдың қаңтар айында айтқан болатын. Бұл шара Палестинадағы жұмыссыздық мәселесін шешуге өз ықпалын тигізеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Келесі жылы қасиетті сапар бағасы көтеріледі
■
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды