|
Катарлықтар қажыларды жарылқамақ болған саудиялық монархтың бетін қалай қайтарды?
|
Естеріңізде болса, осыдан санаулы күн бұрын Саудия королінің катарлық қажыларға ерекше жағдай жасайтыны, дәлірегі, катарлық қажылардың шығынын өзі көтеретінін, яғни, ұшақпен алдыртатыны және электронды білезіктен босатқаны турасында хабар таратқан болатынбыз. Алайда, Катар астанасы - Доха қаласының халықаралық әуе-жайы королдің пәрменімен катарлық қажыларды алып кетуі тиіс саудиялық ұшақтың қонуына рұқсат бермеді. Саудиялық әуе желісінің директоры Салеһ әл-Жассир осылай мәлімдеді. Нақтырақ айтқанда, SaudiAirlines әуе компаниясы қонуға рұқсат ала алмағанын мәлімдеді. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Монархқа тән мәрттік танытқан королдің бетін катарлықтар осылай қайтарды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды
■
Әлемде алғаш рет ұшқышсыз ұшатын Bayraktar Kızılelma жойғыш ұшағы ұшақты атып құлатты (видео)
■
Әр наным-сенім бойынша діннен шығу көрсеткіштері жарияланды
■
Тіс пастасы алғаш рет халал сертификатына ие болды