|
Кипрде ірі газ кен орны табылды
|
Америкалық ExxonMobil компаниясы Кипрден оңтүстік-батысқа қарай табиғи газдың жаңа кен орнын тапты. Бұл жөнінде ҚазТАГ порталы хабарлады.
Бағалау расталған жағдайда табиғи газ кен орны көлемі бойынша әлемдегі үшінші ірі кен орны болмақ.
Кен орны Кипр қайраңындағы 10-шы блокта орналасқан. Оны Glaucus-1 ұңғымасын бұрғылау кезінде анықтаған.
Алдын ала мәлімет бойынша, табиғи газ қоры 142-ден 227 млрд дейінгі текше метрді құрайды.
Айта кету керек, ExxonMobil – жұмыстардың операторы болып табылады. Компанияның блоктағы үлесі 60% құраса, қалған 40% Qatar Petroleum Катар мемлекеттік компаниясы иелік етеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды
■
Әлемде алғаш рет ұшқышсыз ұшатын Bayraktar Kızılelma жойғыш ұшағы ұшақты атып құлатты (видео)
■
Әр наным-сенім бойынша діннен шығу көрсеткіштері жарияланды
■
Тіс пастасы алғаш рет халал сертификатына ие болды