|
Қытайда жүздеген жылға жететін мұнай-газ кен орны табылды
|
Қытайдың ұлттық мұнай-газ теңіз корпорациясы (China National Offshore Oil Corporation, CNOOC) аталған елдің солтүстік-шығысында орын тепкен Боқай шығанағынан мұнай мен газдың аса ірі кен орнын тапқанын мәлімдеді. Бұл жайында қытайлардың China Daily ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш кен орнындағы газдың қоры 100 млрд текше метрден асып түседі. Соңғы жарты ғасыр ішінде тбылған ең ірі кен орны. Сөз орайы келгенде айта кетейік, Боқай шығанағы Қытайдың мұнай қоры мол аймағы. Бұл жерде жыл сайын мұнай шикізатының шамамен 40 пайызы өндіріледі. Боқай шығынағындағы мұнай бассейні ел астанасы - Бейжің қаласынан 100 шақырым қашық жатыр. Қытай барланған мұнай қоры бойынша әлемде 13-ші орында тұрған ел.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай әлемде алғашқы болып пластик жол төседі (видео)
■
Израилдің жаңа қаруының артықшылықтары көрсетілді (видео)
■
Бір ауру түрінен күн сайын күллі әлемде 26 мың адам қайтыс болады
■
Алдындағы автокөліктерді «аттап» өте алатын Jeep жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Түркия донер өндірісіне қойылатын талапты күшейтті