Климат дағдарысы тағы бір пұт пен пұтқа табынушылардың пайда болуына ықпал етіп отыр
Климат дағдарысы тағы бір пұт пен пұтқа табынушылардың пайда болуына ықпал етіп отыр
1 сағат бұрын 77 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаһандық жылыну әсерінен құрғақшылық жайлаған Африка құрлығының кей өңірлерінде жауын шақыратын бақсылардың рөлі қайта күшейіп келеді. Тарих қойнауына кетті деген соқыр наным-сенім ұрпақтан ұрпаққа берілсе де бүгінде ұмыт бола бастаған еді. Құрғақшылық ондай алаяқтарды рухани көшбасшы дәрежесіне дейін көтеріп жіберді. Бұл жайында islam.kz порталы Africanews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Десе де сол құрғақшылықтың өзі жауын шақырғыш бақсылардың өз басына таяқ болып тиіп жатыр. Бақсы жауын ақырудың жөн-жоралғысын қанша жасаса да жерге нәр тамбайтын кездері көп. Климат дағдарысына қалай қайран қылсын. Құрғақшылықтан көзі қарайған, үміті ақталмаған былайғы жұрт бақсыларды өлтіріп қоятын фактілер жиі тіркелетін болған. Уганда аумағында жаңбыр тек ауа райының құбылысы немесе көрінісі ғана емес, сонымен қатар, көктен келетін шапағат ретінде саналады. Есіл еңбекпен өсірген астығы бітік шықса, әлбетте, жауынды киелі санайды да. Климат дағдарысы, кереғарлықты қараңыз, жауын шақыратын бақсыларға сұранысты арттырғанымен сол соқыр наным-сенімнің түбіне балта шабуы да ықтимал. Өйткені, бақсылардың айтқаны келмей өз жоралғыларының құрбанына айналып жатыр. Жауын шақыру үшін кей ауқаттылары қомақты қаржы береді бақсыларға. Суданның өзінде соңғы жылдары екі бақсы тобырдың қолынан өлді. 2024 жылы орталықтан шалғай жатқан Лохобохобо ауылдық жерде Соломон Отюре есімді бақсы тірідей жерге көмілді. Ал елдің оңтүстік-шығысында Альбинос Лобиллия есімді бақсыны да тірідей жерге көміп жазалаған еді. Үміттерін ақтамағаны үшін.

 

0 пікір
Мұрағат