|
Қажылық министрлігі шетелдік қажылар үшін электронды кіріктірілген пакетті ұсынады
|
Саудияның қажылық және умра министрлігі 2027 жылғы қажылық маусымына шетелдік қажыларға арналған кешенді пакеттің іске қосылғанын жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы Saudi Gazette мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Пакет Саудияға келгеннен бастап кеткенге дейінгі барлық қажетті қызметтерді «электрондық жол» платформасындағы бірыңғай электрондық келісімшарт арқылы біріктіреді. Пакетке төрт негізгі сервис кіреді: қасиетті орындарға қызмет көрсету, Мекке мен Мәдинадағы қонақжай қызметтер, көлік және тамақтану, сондай-ақ, қосымша қызметтер. Бұл пакет шетелдік бөлімдер мен қажылық істері агенттіктеріне нақты және икемді келісімшарт шеңберінде түрлі қажылық топтарына арналған бағдарламаларды әзірлеуге мүмкіндік береді. Аталмыш министрлік бұл пакеттің Saudi Vision 2030 және Pilgrim Experience бағдарламасының мақсаттарына сәйкес хижра жыл қайыру бойынша 1448 жылдың қажылық маусымына ерте дайындық аясында іске қосалытын мәлімдеді.