Сұлулық стандарты: пластикалық немесе эстетикалық процедура индустриясы қарқын алып келеді
Сұлулық стандарты: пластикалық немесе эстетикалық процедура индустриясы қарқын алып келеді
35 минут бұрын 29 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Күллі әлем бойынша пластикалық ота нарығы 2025 жылы 72,7 млрд. долларға жеткен.  Бұл жайында islam.kz порталы verifiedmarketreports.com сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл қомақты қаражаттың үштен бірінен астамы Солтүстік Америка өңіріне тиесілі. Нарықтың негізгі драйверлері: косметикалық операциялар туралы өсіп келе жатқан ақпараттандыру науқаны, эстетикалық индустрияны танымал ететін әлеуметтік желілер және медициналық туризм.  Әдетте пациенттер қаржысын үнемдеу және сервистің жоғары деңгейі үшін шетелдік клиникаларды таңдап жатады. Пластикалық хирургияның жаһандық нарығы 2024 жылы 28,3 миллиард долларын құраған екен және 2026 жылдан 2033 жылға дейін орташа жылдық өсу қарқыны 6,5% -бен 2033 жылға қарай 48,9 миллиард долларға жетеді.

Мұндай нарықтың дамуына түрткі болған негізгі факторларға келсек...

Пластикалық отаға жүгінгендердің көбісі косметикалық хирургияны сымбатын қалпына келтіру немесе ажарын арттыру үшін емес, өз-өзіне күтім жасаудың дағдылы аспектісі ретінде қабылдайды. Бұл мәдени ілгерілеу бүкіл әлемде, әсіресе, әлеуметтік талғамға сай сыртқы келбеті жеке және кәсіби тұрғыдан жоғары бағаланатын өңірлерде сраныстың ұлғаюымен тікелей байланысты. Дамыған елдерде қарттар қарасының көбеюінен жұмысшы күшіне деген қажеттілік пен мұқтаждық та ықпал етіп отыр. Жұмыс орнында сымбатын сақтау қажеттілігі турасында сөз болып отыр бұл арада. Медициналық туризм маңызы артып келеді, өйткені, пациенттер жоғары сапалы және экономикалық тиімді пластикалық хирургияға қол жеткізу үшін шекара асады. Түркия, Мексика, Таиланд және Оңтүстік Корея сияқты елдер медициналық туризм мен косметикалық ота нарығы жылдамм дамып келеді.

Осыған қарамастан, мәдени және психологиялық кедергiлер белгiлi бiр өңiрлер мен демографиялық топтарда сақталуда. Халықтың кейбір топтары нарықтың өсуіне кедергі келтіруі мүмкін діни, мәдени немесе жеке сенімдеріне байланысты бұрынғысынша күмәнмен қарайды. Бұдан басқа, адам түр-әлпетінің өзгерісіне қатысты алаңдаушылық, қоғамның қысымы және хирургиялық қатерлерден қорқу, әсіресе, консервативтік қоғамдардағы әлеуетті клиенттерді қорқытып, белгілі бір сегменттердегі сұранысты шектеуі мүмкін.

0 пікір
Мұрағат