|
Король өзінің кортежімен соқтығысып қалған көлік жүргізушісіне не істеді? (видео)
|
Иорданиялық монарх Абдалла II өзі мінген королдік кортежбен соқтығысып қалған көлік жүргізушісіне көмекке ұмтылды. Бұл инцидент өткен бейсенбіде Дабук провинциясында орын алды. Жол-көлік оқиғасынан жеңіл жарақат алған зардап шегушінің жанына келіп, қандай көмек керек екенін сұрады. Алайда, ханның өзі қасына келіп халін сұрағанға абдырап қалған қараша: «Бұл менің өмірімдегі ең бақытты күнім. Алла жар болсын сізге, мырзам», - дей берді.