|
Аптап ыстықтан шыбындай қырылып жатыр
|
Мұсылман халқы санының көптігі жағынан екінші ел атанған Пәкістанның оңтүстігінде аптап ыстықтан қаза тапқандар қарасы екі жүз адамға жақындап қалды. Пәкістанның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, ел оңтүстігіндегі Синд провинциясында өткен демалыс күндерінің өзінде аптап ыстықтан қаза тапқандар саны оннан кем емес көрінеді.

«Тарпаркарада төрт адам, ал Татта қаласында бес адам ылғалдың жетіспеушілігінен және күн өтіп қайтыс болды»,- деп мәлімдеді аталмыш министрлік жетекшісі Саид Магнеджо.
Осылайша, аптап ыстықтан көз жұмғандар саны 141 адамға жетті. Жуырда Караши қаласында ауа температурасы Цельсий бойынша 45 градусқа жеткен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар тауық жұмыртқасындай қарбыз сортын шығарды
■
Қазақстан Орталық Азияда «жұмсақ күш» жаһандық рейтингінде көш бастады
■
Цифрлы төлем жүйесі туралы аз-кем дерек
■
Өткен жылы сукук нарығы 1 трлн доллардан асты
■
Әлемде алғаш рет асыл тастарға цифрлы инвестиция салуға болатын ислами банк ашылды