Көрші елде діни тақырыптарды қозғайтын блогерлерге шектеу қойылады
Көрші елде діни тақырыптарды қозғайтын блогерлерге шектеу қойылады
18 сағат бұрын 189 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Freepik

Қырғыз елінде діни контентпен айналысатын блогерлер бұдан былай ресми рұқсат алуы керек. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде vesti.kg ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қырғыз республикасының дін істері және этносаралық қатынас жөніндегі ұлттық агенттіктің бас маманы Нұрғазы Қырғызбаев билік тарапынан қолға алынған бұл шара заңнамада жаңа терминнің – дін уағызшысы деген ұғымның пайда болуымен түсіндірді. Әлеуметтік желілерде діни тақырыпта онлайн режимде сөз қозғайтын блогерлер де осы санатқа жатқызылғандықтан арнайы куәлік алуы тиіс. Бұл үшін блогерлер атталған елдің дін істері басқармасына хабарласып, өзінің діни білімін растауы керек. Содан соң дін істері жөніндегі агенттікке өтініш беруі тиіс. Куәлікті сол мемлекеттік құзыры бар органнан алады. Діни ағартушылықпен айналысуға мүмкіндік беретін құжат мерзімі шектеулі – тек бір жылға ғана беріледі. Егер осы уақыт аралығында блогер заңнамада қарастырылған талаптарды бұзса, мәселен, бұрыс ақпарат таратса, куәлігінің күші жойылады әрі қара тізімге енгізіледі. Қара тізімге бір енген блогер жария түрде діни тақырыпта сөйлеу құқығынан айырылады.

0 пікір
Мұрағат