Күллі әлем бойынша өзендерге қауіп төнді – ғалымдар себебін айтты
Күллі әлем бойынша өзендерге қауіп төнді – ғалымдар себебін айтты
8 ай бұрын 1235 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар күллі әлем бойынша өзен сапасына қатысты дерктердің мол қорын жинап, сараптамадан өткізді. Бұл жайында islam.kz порталы "Nature Reviews Earth & Environment" ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, құрғақшылық, аптап ыстық, жауын-шашын және тасқын-сел, сондай-ақ, ұзақ мерзімді климаттық өзгерістер сияқты төтенше ауа райы оқиғалары кезінде өзен суының сапасы нашарлайды. Экологиялық жүйе мен қауіпсіз суға қол жеткізуге қауіп төндіретін климаттың өзгеруіне байланысты мұндай салдары ауыр табиғи апаттар жиі қайталанатын болып жүр. Зерттеу барысында қоршаған орта температурасы, еріген оттегі деңгейі, тұздылық, қоректік заттардың, металдардың, микроорганизмдердің, фармацевтикалық өнімдер мен пластмассалардың концентрациясы сияқты су сапасының түрлі аспектілері ескерілді әрі талдаудан өткізілді. Нәтижесінде судың сапасы әдетте құрғақшылық пен аптап ыстық (68% жағдайда), жауын-шашын мен су тасқыны (51% жағдайда) және ұзаққа созылған климаттық өзгерістер (56% жағдайда) кезінде нашарлайтыны белгілі болды. Құрғақшылық кезінде ластаушы заттарды сұйылту үшін су тапшылығы қолбайлау болса, ал қалың нөсер мен су тасқыны көбінесе өзендерге және ағынды суларға түсетін ластаушы заттардың көбеюіне әкеледі.

0 пікір
Мұрағат