|
Күллі әлем бойынша психикалық ауытқуға ұшыраған адамдар саны белгілі болды
|
Бүкіл әлемде писхикалық ауытқудың түрлі деңгейінен зардап шегетіндер қарасы соңғы 30 жылда 95,5 пайызға артып, 1,17 млрд адамға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы The Lancet медициналық мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта 1990-2023 жылдар аралығында 204 мемлекетте жүргізілген зерттеуге америкалық, австралиялық, қытай, т.б. ғалымдары атсалысып, жас шамасы әр түрлі ерлер мен әйелдердің психикалық ауытқудың 12 түріне шалдыққанын анықтады. Халықаралық ғалымдар тобы психикалық аурулардың мемлекеттердің әл-ауқаты мен әлеуметтік-экономикалық факторларына қарамай барлық ел азаматтарын айналып өтпегінін алға тартып отыр. Мейлі, ол дамушы немесе дамыған ел болсын, күйзеліс, дистимия, жүйке анорексиясы, булимия, шизофрения, т.б. барлық құрлықта кездескен. Сарапшылар бұған ең басты себепті қарбалас өмірден, уақыт тапшылығынан, қоршаған ортаның ластануынан, урбанизациядан, өмір сүрудің қымбаттығынан, түрлі әлеуметтік-экономикалық және саяси факторлардан, ақпартық технологияның дамуынан, отбасы құндылықтарының құлдырауынан, т.б. факторлардан көріп отыр. Бұл құбылыс ең алдымен жаһандық денсаулық сақьтау саласына салмақ салады. Бұдан бөлек, жаһандық экономиканың өзі күйзелістен (депрессия дерті) бірнеше жүздеген млрд доллар шығынға ұшырап отыр. Психикалық ауытқу эпидемиологиялық сипат алған. Оның алдын алу (профилактика) тетіктерін қарастыруды ұсынып отыр.