Сусамырды инсулин салмай-ақ емдеу жолы табылды
Сусамырды инсулин салмай-ақ емдеу жолы табылды
43 минут бұрын 38 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар организмге инсулин енгізбей-ақ сусамыр дертін емдеуде жетістікке тағы бір табан жақын қалды. Бұл жайында islam.kz порталы New England Journal of Medicine мерзімді басылымында таяуда жарияланған зерттеу мақаласына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бірінші типтегі қант диабетінің негізгі физиологиялық себебіне иммундық жүйенің инсулин шығаруға жауап беретін ұйқы безінің бета-жасушаларын басып тастайтыны жатады. Бұл тарапта білікті мамандар зертханаға діңгекті жасушалардан өсірілген бета-жасушаларды енгізу арқылы сусамыр дертін емдеудің жаңа әдісін ұсынды. Бұрынғы клиникалық зерттеулер бәріне бірдей тиімді нәтиже бермеді. Кейбір пациенттердің организіміне модификацияланған бета-жасушаларды енгізудің арқасында инсулин инъекцияларынан толық бас тартқанға дейін глюкоза деңгейі тұрақтанса, енді біреулерінде иммундық жүйе трансплантацияланған жасушаларды бөтен жасушалар ретінде қабылдап жойып отырған. Иммуносупрессивті дәрі-дәрмекті тағайындау оңтайлы шешім саналғанымен оларды өмір бойы қолдану өз кезегінде аурулар мен асқынулар қаупін арттырады. Сондай-ақ, науқас тіндерінен жасушаларды пайдалану немесе биологиялық сыйымды капсулаларды енгізу арқылы жасушаларды қорғаудың басқа да тәсілдері сынақтан өтіп жатыр. Уппсала университетінде жасушаларды иммундық жауапқа қарсы тұратындай етіп түрлендіру тәсілін ұсынады. Бұл үшін діңгекті жасушалардан бөліну кезеңінде ғалымдар трансплантацияланатын жасушаларға тән қасиеттерді немесе ерекшеліктерді пациенттің иммунды жүйесі танымайтындай етіп өзгертетін болады.

Сусамырдың ең негізгі түпкі себебі айтылды. Ол – тәтті емес...

Өмір сүру салтының өзгеруі мен артық тамақтану соңғы жылдары сусамырмен ауыратын науастар қарасын көбейтті. Бұл жайында islam.kz порталы Pravda.Ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Илья Барсуков есімді ресейлік дәрігердің айтуынша, қазіргі сусамырдан зардап шегетін науқастар осындай себептермен дерт “жамап”алған. Оның сөзіне қарағанда, семіздік немесе артық салмақ екінші типті қант диабетінің алғышарты ретінде алға шығады. Салмақты және қан құрамындағы қант деңгейін қадағалау организмнің зат алмасу процесін қалыпты деңгейде ұстауға мүмкіндік бермек. Сусамыр алғашқы кезеңінде білінбейтін аурулар санатында. Асқынған кезде сыыр беретін дерт болғандықтан бұл аурудың алдын алудың маңызы зор. Ал ол үшін салмақты қадағалаудың маңызы зор. Аталмыш аурудың алғашқы кезеңінің өзі бірнеше айға созылуы мүмкін. Ауыздың құрғауы, жиі шөлдеу, түнде жиі кіші дәрет сындыру, терінің құрғауы, себепсіз шаршау секілді белгілер сусамыр дертінің басталғанынан хабар береді. 

0 пікір
Мұрағат