|
Қытай сауда соғысында АҚШ-ты стратегиялық тұрғыдан ұтты - америкалық сарапшы
|
Саясат сахнасы бірыңғайда шахмат тақтасына ұқсайды. Ә тастың жүрісіне қарай геосаясат қалыптасады. Бұл белгілі бір ойын ережесін тудырады. Америка құрама штаттарының тарифтік саясатының тиімділігі туралы әлі айтылып жатыр, жазылып жатыр. Десе де АҚШ-тың басты қарсыласы Қытай күтпеген жүріс жасап, ұзақ мерзімде өзіне пайда әкелетін шегініс жасады. Бұл жайында islam.kz порталы The Wall Street Journal мерзімді басылымында жарияланған шолуға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Естеріңізде болса, осыдан аттай үш ай бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарық көрген (қараңыз: Африка үшін бәсекелестікте Қытай күтпеген жүріс жасады) материалымызда айтылғандай, мамыр айының 1-нен бастап тұтас дерлік құрлыққа Қытай тарапы ерекше мырзалық танытып, кедендік салықты алып тастады. Негізінде бұл – алыстан ойлайтын Қытайдың қамсыз қалмаудың стартегиялық қадамы болатын. АҚШ Африка елдеріне де тарифтік саясат енгізген. Африка құрғыныдағы 54 мемлекеттің 53-не Қытай кеден салығын салмайды. Тек Эсватин елін қоспағанда. Тіпті, қара халықты былай қойғанда саясаткерлердің өзі біле бермейтін шыған ел Тайуан егемендігін қолдағаны үшін, яғни, Азия-Тынық мұхитындағы, Қытайдың іргесінде арал мемлекетпен арадағы дипломатиялық қатынасын үзбегені үшін Қытайдың жеңілдігіне ие бола алмады. Африка – қойнауы қазынаға толы, соның ішінде осы күнші замануи технологияға қажетті ресурстың бәрі кездесетін, бір миллиард халқы бар құрлықпен жақындастыра түседі. Қытайды. Signal Risk консалтингтік фирмасының Африкадағы саяси тәуекелдерді бағалайтын сарапшысы Ронак Гопалдас АҚШ-тың осы тұста оңбай шалыс басқанын мәлімдеді. Африка елдеріне тарифтік саясатын тықпалау арқылы. Қытай кобальт, мыс, колтан, т.б. секілді аса маңызды стратегиялық маңызы зор минералдарды кедергісіз алуға қол жеткізеді әрі бақылау әлемдік нарыққа бақылау орната алады. Бұдан бөлек, Қытай билігі мен білікті мамандары Африканың әр түкпірінде түрлі инфрақұрылымдық, логистикалық, өндірістік жобаларды жүзеге асырып жатыр. Қазіргі соғыста қару-жарақ тиімсіз, қазіргі соғыста экономикалық шаралар мен ықпал ету тетіктері нағыз қару ретінде есептеледі.