Малайзиядағы McDonald's бойкот салдарынан 1 миллион доллардан астам шығынға батты
Малайзиядағы McDonald's бойкот салдарынан 1 миллион доллардан астам шығынға батты
5 ай бұрын 643 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Малайзиядағы МакДоналдс Израилге бойкот жариялаған қозғалыстың ұйымдастырушыларының үстінен шағым түсірді. Сотқа. «Жалған әрі абыройға кір келтіретін ақпарат» таратқаны үшін. Шағымданушы тараптың айтуынша, бойкот нәтижесінде екі ай ішінде 1,31 млн доллар шығын көрген. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Reuters ақпарат ресурсына жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы аталған елдің тұрғындары Израил мен оның батыстағы одақтастарының тауарларынан бас тартқан еді. Бойкот тиімділік танытқан болатын. Малайзиядағы McDonald's лицензиясы тиесілі Gerbang Alaf Restaurants компаниясы «Бойкот, капиталды иеліктен шығару және санкция» қозғалысын сотқа берген. Фаст-фуд желісін израилдіктердің палестиналықтарға қарсы геноцидімен негізсіз байланыстырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жаңсақ немесе жалған ақпарат таратты деп айыптап отыр.

0 пікір
Мұрағат