Әскери сарапшы 2024 жылы әлемнің қай аймағында қарулы қақтығыс қатерінің жоғары екенін айтты
Әскери сарапшы 2024 жылы әлемнің қай аймағында қарулы қақтығыс қатерінің жоғары екенін айтты
4 ай бұрын 822 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Анатолий Амелин есімді әскери сарапшы биыл әлемнің қай аймақтарында қарулы қақтығыстар орын алуы мүмкін екенін айтты. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, ХАМАС пен Израил арасындағы, сондай-ақ, Украина мен Ресей Федерациясы арасындағы соғыс әзірге тоқтамайды. Украина биыл тағы  қарсы шабуылға шығады. Йемендегі хуситтер тайпасы Израилдің Газа секторындағы әскери операциясына жауап ретінде халықаралық сауда-саттық жолдарында әскери қимылдарға барып, дәлірегі, Суэц каналы мен Баб әл Мандаб бұғазы арқылы әлемдік экономикаға елеулі зиян келтіреді. Оңтүстік Қытай теңізіндегі шиеленіс те (Қытайдың Тайуанға әскери экспанция жасау ықтималдылығына байланысты) халықаралық сауда-саттыққа қатер төндіреді. Қытай мен Тайуан арасындағы жағдай геосаяси ахуалға кері әсерін тигізеді. Судандағы азаматтық соғыс пен саяси тұрақсыздық Африка мүйісіндегі қарулы қақтығыс қатерін сейілтпейді. Пәкістан мен Үндістанның арасындағы Жамма мен Кашмир өлкелеріне қатысты ұзақ мерзімді жанжал әлемдік экономикаға үлкен қауіп төндірмек. Латын Америкасында Венесуэланың Гайанаға жер дауына байланысты талаптары, Конго демократиялық республикасындағы, Эфиопиядағы, Нигердегі, Сомалидегі, Малидегі, Мьянмадағы (Бирма) Буркино-Фасодағы, Судандағы ушыққан жағдай осы жылы да сақталады. Әскери сарапшылар осы заманғы қақтығыстар шешімінің болмауымен, дәлірегі, жауласушы тараптардың ымыраға келмеуінен ұзақ мерзімді сипатқа ие болуымен айрықшаланатынын алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат