Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
4 ай бұрын 614 halaldamu.kz
АЛМАТЫ: КӘСІПОРЫНДАРҒА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ 

Алматы қаласында бірқатар кәсіпорындарға «QMDB HAlAL» сертификаты табысталды. Атап айтқанда, «Maki Maki» фаст-фуд өнімдері, «Мясной дом» ет дүкені, «Issmile» қоғамдық тамақтану орны. Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан аталған кәсіпорын өкілдеріне сертификат табыстап, кәсіптеріне береке тіледі. Шараға жергілікті өкіл Ерлан Тайлақов та қатысты.

«Сертификаттау барысында технолог маманымыз кәсіпорындардың өндіріс аумағында толыққанды аудит шараларын орындап, лабораториялық тексеріс те жүргізілді. Қорытынды тексерістің оң нәтижесінен кейін екі кәсіпорынға да сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды», – дейді өкіліміз.

БҚО: ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПОРЫНДАР СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Батыс Қазақстан облысындағы «Еңбек» кәсіпкерлігінің фаст-фуд өнімдері, «MaxPlov» тамақтану орындары халал стандартына сай сертификатталды. Сонымен қатар, Умиров Дидар Берикжанович атына қасапшы куәлігі берілді. Аталған кәсіпкерлерге «QMDB Halal» сертификатын облыстың бас имамы Самат Қанатқалиұлы мен жергілікті өкіл Асхат Асылбеков табыстады.

«Сертификаттау барысында аталған кәсіпорындар түгелдей тексеріліп, дайын өнімдеріне мен өндірісіне бақылау-қадағалау шаралары жүргізілді. Технологтармен бірлескен жұмыстың оң нәтижесінен кейін сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды. Алдағы уақытта міндетті аудит шаралары жүргізіліп, бірлескен жұмыстарымыз жалғасын табатын болады», – дейді жергілікті өкіліміз.

2023 ЖЫЛЫ 432 КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Бұл туралы «Халал Даму» директоры Айбек Аташев мәлімдеді.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі бағыттарының бірі – халал өнімдерді сертификаттау. Осы бағытта қызмет көрсететін ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» мекемесінің «QMDB HALAL» сертификатымен 1507 кәсіпорын мен 1108 қасапшы өнім өндіруде. Жыл басынан бері 432 кәсіпорын жаңадан сертификаттаудан өтті.

Халықаралық бағытта жасалған жұмыстар бойынша Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Қытай, Иран мемлекеттеріне «QMDB HALAL» сертификатымен 10 мың тоннаға жуық халал өнім экспортталды.

Алматы қаласында өткізілген халықаралық көрмеге Индонезия, Малайзия, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Татарстан, Беларусь, Моңғолия сияқты әлемнің 9 елінен және отандық ең үздік 100 кәсіпорын қатысты. Екі күн аясында 20 мыңға жуық адам көрмеге келіп, отандық және шетелдік халал өнімдермен танысты» деді А.Аташев.

0 пікір
Мұрағат