Марокко жылына Мысырға 3000 автокөлік экспорттайды
Марокко жылына Мысырға 3000 автокөлік экспорттайды
7 ай бұрын 711 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Мысыр-Марокко іскерлік кеңесінің жетекшісі Низар Әбу Ысмайыл Мароккодан жыл сайын Мысырға 3000 автокөлік экспортталатынын жеткізді. Бұл жайында islam.kz порталы Alborsaa News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған екі араб елі арасындағы сауда-саттықты теңестіруге қатысты стратегия аясында соңғы жылдары экспорт пен импорт бойынша елеулі айырмашылық орын алған. Мароккодағы мысырлық инвестиция мөлшері 700 млн доллардан асады, бұл инвестицияның көп бөлігі, яғни, Марокко жағалауындағы құны 500 миллион доллардан аса инвестицияны қажет ететін интеграцияланған туристік қаланы дамытуға жұмсалатынын айта кетпекпіз. Бұдан бөлек, 30-ға тарта мысырлық компания Марокко аумағында үш жыл мұғдарында жаңа өндіріс ошағын салады. Өйткені, Марокконың герографиялық орналасуы кең экономикалық мүмкіндіктерге жол ашады. Дәлірегі, Еуропаға жақын Марокко стратегиялық аймақта орналасқан. Бұл артықшылық кәрі құрлықпен арадағы сауда-саттыққа тың серпін беруі тиіс. Мысырлық компаниялар Марокко аумағында тағам қоспалары, азық-түлік, автокөліктердің қосалқы бөлшектері, балық аулау кәсібін дамытуға мүдделі.

0 пікір
Мұрағат