|
Марокко мигранттарының саны бойынша 18-ші орыннан көрінді
|
Халықаралық көші-қон ұйымының 2024 жылғы баяндамасында келтірілген дерекке сәйкес Марокко босқындарды реттеу және шекаралық бақылауды күшейту жөніндегі мемлекеттік іс-шарасына қарамастан, осы елден шыққан мигранттар саны жағынан 18-ші орыннан көрінген әрі ел аумағынан өтетін транзиттік мигранттар қарасы бойынша Африка құрлығында 2-ші орында тұр. Бұл жайында islam.kz порталы Morocco News ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш баяндамада мароккандық экспатрианттардан ақша аударымдары 2022 жылы 11 миллиард доллардан асып, елдіңң жалпы ішкі өнімінің 8% -ын құрап, пандемия дәуірінің экономикалық соққысын жұмсартқанымен, тұрақсыз көші-қон қауіпті деңгейде қалғаны айтылған: 2014 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде Жерорта теңізі бағыттарында 20 000-нан астам хабар-ошарсыз кеткен немесе қаза тапқан, соның ішінде тек 2022 жылы Атлант және батыс Жерорта теңізі дәліздерінде 2 800 адам қаза тауып, хаабар-ошарсыз кеткен. Марокко 2024 жылы 148 000 шетелдік мигрантты қабылдаған, олардың 78 000-нан астамы Еуропа асу үшін шекараны кесіп өтуге талпыныс жасаған. Көші-қонның жоғары деңгейі шетелдік валютаны тартуға және марокклық жұмыс күшін әлемдік нарықтарға, әсіресе, ауыл шаруашылығы, құрылыс және қызмет көрсету сияқты секторларға ықпалдастыратын кезде ішкі әлеуметтік-экономикалық жағдай шиеленіскен күйінде қалып отыр. Afrobarometer сауалнама нәтижесі жастар арасында өзге елдерге қоныс аударғысы келетіндер қарасының өскенін көрсетеді: 18-35 жас аралығындағы жастардың 28% -ы 2017 жылғы 20% -бен салыстырғанда елден кету мүмкіндігін арастыруда. Бұл әлеуметтік құбылыс негізінен жұмыссыздықтан, экономикалық ұтқырлықтың жоқтығынан және шетелде білім немесе бизнес алуға ұмтылудан туындап отыр. Бүгінгі таңда мароккалық жастардың 56%-ның жоғары білімі бар, Алайда, 2025 жылдың бас кезінде елдегі жұмыссыздық деңгейі 37,7%-ға дейін артып кеткен.