|
Марқұмның сүйегі өртене жаздады
|
Осыдан жиырма жыл бұрын туыстарына білдірмей ислам дінін қабылдаған, тура жолға түскеннен кейін есімін Нұра деп өзгерткен, 38 жасында бақилық болған қытай ақ жаулықтысының мұсылман болғаны анықталды. Малайзияда дүниеден озған марқұмның сүйегін туыстары Дао ғұрпы бойынша жерлемек болғанда (өртеп, күлін құтыға салып қояды) діни департаменттің шенеуніктері оның хақ дінді қабылдағанын жария еткен көрінеді. Алайда, діни департамент өкілдерінің сөзіне сенбеген марқұмның туыстары оның сүйегін беруден бас тартқан екен. Ол ол ма, жергілікті депутатты шақырып, шу шығарған көрінеді. Екі сағатқа созылған келіссөзден кейін марқұмның сүйегі мұсылман ғұрпы бойынша жер қойнауына тапсырылған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады