Мәскеу еңбек мигранттарының ринг алаңына айналды. Зардабы қандай? (видео)
Мәскеу еңбек мигранттарының ринг алаңына айналды. Зардабы қандай? (видео)
8 жыл бұрын 3989 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Коммунарка кентіндегі Жаңа Мәскеуде еңбек мигранттары, дәлірегі, өзбек пен армян жалдамалы жұмысшылары арасында қақтығыс болды. Бұл төбелеске шамамен 40 адам қатысқан. Ерегестің арты төбелеске ұласқан. Алдымен бір-біріне жұдырық жұмсағандар артынан алапат ашудың жетегінде кетіп, қолдарына арматура, күрек, балға, т.б. заттар алған. Жанжалдың шығуына қатты тұрмыстық қалдықтарды тұрғызылып жатқан ғимарат құрылысынан лақтырғаны себеп болған. Төбелескендер мен оған жол бергендер тұтқындалды. Мәселе мұнымен ғана шешілсе, жақсы ғой. Мәселе тереңде. Мәскеу - Орта Азиядан келген еңбек мигранттараның шоғырланған мегаполиске айналып отыр. Ол жақтағы ұлтаралық қақтығыс елдер арасындағы дипломатиялық салқындыққа себеп болуы мүмкін. Мәскеу билігі мұны қасақана ұйымдастырмаса да бұл алдағы уақытта еларалық жанжалға апарып соқтыруы мүмкін орталыққа айналып бара жатқанын көрсетеді. Бұған қоса, мигранттарға қырын қарайтын нацист-фашистік топтардың да РФ аумағында Кавказ бен Орта Азия елдерінен келгендерді қудалап жатыр. Тақырбастардың бұл әрекетіне көзжұмбайлық танытып отырғанын да айта кету керек. 

 

0 пікір
Мұрағат