Медреседе кәсіпке баулиды
Медреседе кәсіпке баулиды
8 жыл бұрын 3247

Үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 22-сі күні Бішкек қаласында «Медресе – ауылдық жерге кәсіпке баулу» деп аталатын жоба аяқталды. Аталмыш жобаға Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссия, мүфтият қолдау көрсеткен. Бұл жайында Қырғыстанның Мұсылмандар діни басқармасы хабарлады. Мұндай медреселерде шәкірттер діни іліммен қатар еңбек нарығында сұранысы бар белгілі бір мамандықты меңгеріп шығады. Яғни, шәкірт өз таңдаған мамандық бойынша қысқаша курстан өтеді. Олардың кәсіби білім алуына барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, 1 509 315 мың ($19 632) сом қаржыға оқуға қажетті құрал-жабдықтар алынса, 221 мың сомға ($2874) оқулықтар алынған. Жоба нәтижесі бойынша, мәселен, Шу облысындағы медреседе оқитындар дәнекерлеуші (99 шәкірт), тігінші (61 шәкірт), аспазшы (65 шәкірт) және элекрші (43 шәкірт) мамандығын алып шыққан. Медресе қабырғасында осындай қысқаша курстен өткен 142 шәкірттің 27-сі қыздар. Түлектердің 25-і жалақы төленетін жұмысқа тұрған. 29-ы – өздерінің жеке кәсібіне кеткен.

0 пікір
Мұрағат