|
Мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіретін тұлға ретінде... көшіріп жіберді
|
Ресейдің федералды көші-қон қызметі осы елдің аумағында 20 жылдан аса тұрып келген, ауыл шаруашылығымен шұғылданатын түрік фермерін отанына көшірді. Мемлекетке қауіп төндіреді деген желеумен. Сықтықбар Ақшай Емердің қолында осы ел аумағында 2020 жылға дейін тұруына рұқсат беретін құжаты болғанына қарамастан. Бұл жайында «Азаттық» радиосы хабар таратты. Еліне қайтуына екі жыл бар болса да Федералды көші-қон қызметімен арадағы түсінбеушілік Сириядағы соғысты желеу етіп, Түркия аумағына рұқсатсыз кірген ресейлік Су-24 әскери ұшағы түріктер тарапынан атып түсірілгеннен кейін орын алған. Сол кезден бастап, түрік фермеріне тыныштық бермеген болатын. Ресейлік аталған құзырлы орынның бұл ұсақ әрекеті өзінше кек қайтарудың бір түрі демеске лаж жоқ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Келесі жылы қасиетті сапар бағасы көтеріледі
■
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды