Микроэлектрониканы қайта өңдеуге келетіндей ететін материал жасалды
Микроэлектрониканы қайта өңдеуге келетіндей ететін материал жасалды
1 ай бұрын 491 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Вирджиния политехникалық университетінің ғалымдары электрониканы екінші рет пайдалану тәсілін ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы Advanced Materials ғылыми мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Витримерлік платалар оңай бөлшектеледі және зақымданудан кейін қалпына келтіріледі. Сұйық металл мен жарық диодтарын қоса алғанда, олардың құнды компоненттері сілтілі гидролиздің көмегімен бастапқы күйіне қайтарылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының есебіне сәйкес өткен (2024) жылы күллі әлемдегі электронды бұйымдардың қалдықтары 2013 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге өскен – 34 млрд келіден 62 млрд келіге артқан. Ал 2030 жылға таман, яғни, санаулы жылдардан соң 82 млрд келіге жетпек. Техникалық қоқыстың тек 20%-ы ғана қайта өңдеуге келеді екен. Қиындықты шешудің бір нұсқасы ретінде америкалық әзірлеушілер микросхемалар үшін өңделетін материалды пайдалануды ұсынды. Жаңа заттың электр өткізгіштігімен және беріктігімен ерекшеленбейді, сонымен қатар, оны қайта өңдеуге де болады. Бұдан басқа, материал пішінін өзгертіп, зақымданудан кейін өз бетінше қалпына келтіруі мүмкін. Платаның негізі – витример – динамикалық полимер. Онда ток сұйық металл тамшыларын өткізетін болады. Зақымдалған жағдайда бүлінген жерін қыздырса жеткілікті, бұдан қасиетін немесе сапасын жоғалтпайды, қайта пайдалануға жарамды келеді. Сілтілі гидролиз сұйық металл мен жарық диодты қоса алғанда, құнды компоненттерді оңалтуға мүмкіндік береді

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3