Министр: хиджаб есту қабілетін 30%-ға кемітеді
Министр: хиджаб есту қабілетін 30%-ға кемітеді
9 жыл бұрын 2974

Тунисте шариғат шәлісін жамылғаны үшін стюардессаның жұмыстан қуылуына байланысты дау тұтанды. «Тунис әуе жолдары» әуе компаниясын ақтау үшін елдің көлік министрі Махмұд бен Рамазан хиджабтың есту қабілетін 30 пайызға кемітетінін алға тартып, мәлімдеме жасады. Бұл жайында «әл-Арабия» ақпарат көзі хабар таратты. Министрдің бұл мәлімдемесін сынға алғандар оны осынау «тың жаңалығы» үшін Нобель сыйлығына ұсыну керектігін айтып, күлкіге айналдырды.

0 пікір
Мұрағат