Түркиядағы ең беделді спорт басылымы Қазақстан құрамасына алғыс айтты
Түркиядағы ең беделді спорт басылымы Қазақстан құрамасына алғыс айтты
9 жыл бұрын 2924

Түркияның ең беделді Fanatik спорт басылымы Қазақстан құрамасына Латвияны жеңгені үшін алғыс айтты, - деп хабарлайды tengrinews.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Өткен ойын туралы жаңалық "Рахмет, Қазақстан!" деген атаумен шықты. Автор Юрий Красножан шәкірттерінің жеңісі тек қазақстандықтарды емес, Түркия халқын да түгелдей қуантқанын айтып өткен.

"Қазақстандықтар Ригада өткен ойынның 65-ші минутында есеп ашып, жеңісті сақтап қалды. Осыған байланысты олар бес ұпай иеленіп, кестеде Латвияны артқа тастады. Қазақстан құрамасы Түркияға үлкен сыйлық жасады. Үшінші орын алған үздік командаларды анықтауда УЕФА өз топтарында соңғы болған командалармен ойыннан алған ұпайларын есепке алмайды", - деп жазды басылым.

Еске сала кетейік, Қазақстан-Латвия арасындағы кездесу 0:1 есебімен аяқталды. Жалғыз голды Исламбек Қуат соқты. Түркия өз кезегінде Исландия құрамасын жеңді. Осыған байланысты Түркия өз тобында үшінші орын ала отырып, үздік команда атанды. Сонымен қатар, Францияда өтетін Евро-2016 чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдама алды.

0 пікір
Мұрағат