Мамандар күзде диетадан бас тартуға шақырады
Мамандар күзде диетадан бас тартуға шақырады
9 жыл бұрын 2763 Baq.kz

Дене мүсіні сымбатты болу үшін физикалық жаттығумен қатар дұрыс тамақтану керек. Көптеген адам диетаны тамақтан бас тартумен шатастырады. Негізінде, диета дегеніміз — тамақтанудың тұрақты тәртібі.

Ресейлік диетологтардың сөзіне сенсек, күзде қабылдар тағам мөлшері жоғары калориялы болуы тиіс. Мезгілдің осы кезінде дәрігерлер қатал диета түрлеріне отыруды құптамайды, өйткені, салдарынан иммунитет төмендеп, нәтижесі депрессияның өрістеуіне жол ашпақ.

Себебі, ағзаға ауа райының құбылмалы сәтіне үйренісу қиын екен. Ауа райы алмасқан сәтте, ағза стресті бастан өткереді, сондықтан тамақтан шектеу көңіл-күйге негативті әсер етіп, кейбір жағдайда аурудың ауыр түріне алып келуі де мүмкін. Алайда, бұл дегеніміз ас ішудің күшейтілген тәртібін енгізіп, ұйықтар алдында да тамақтану деген сөз емес.

Күн сайынғы ас мәзірін сәл ғана түзетіп отырған жөн. Егер жазда адам ағзасы жеңіл тағам түрлерін қабылдай отырып (көкөніс пен жеміс-жидек) өзін жақсы сезінсе, онда суық түсер уақытта, тағам тек ыстық болып қана қоймай, сонымен бірге майлы да болғаны дұрыс. Май мен ақуыз көзі болып табылатын балық пен етті де қалыс қалдырмаған жөн.

Мамандар калориялық тамақтанудан өзге де, әр күнгі киім гардеробыңызға қарап отыруға кеңес береді. Жауын-шашынды ауа райында ең бастысы – аяқты жылы әрі құрғақ ұстау. Сондай-ақ, диетологтардың айтуынша, астың сорпа түрлері бұлыңғыр ауа райында жылынуға көп септігін тигізеді.

0 пікір
Мұрағат