|
Моңғол қойының жүнінен жасалған ауа тазартушы құрал саудаға шығарылды
|
Моңғолия астанасының ауасындағы PM2.5 (PM2.5 - өлшемі 0,001-ден 2,5 микрометрге дейінгі ауадағы ұсақ бөлшектер. Олар ауаның сапасын және оның адам денсаулығына төнген қатерін бағалау үшін қолданылатын негізгі параметр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) нормалары бойынша PM2.5 орташа жылдық деңгейі 10 мкг/м ³-тен, ал орташа тәуліктік деңгейі 25 мкг/м ³-тен аспауы тиіс. Бұл бөлшектер тыныс алу жолдарының аурулары мен жүрек-қан тамыры ауруларын қоса алғанда, түрлі дертке себеп болып жатады) бөлшектерінің жылдағы орташа шоғырлану деңгейі соңғы жылда 2,5 есеге азайғанымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген нормадан 8 есе көп. Бұл жайында islam.kz порталы MiddleAsianNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дегенмен, кейінгі кезде атмосферадағы лас қалдықтардан арылу үшін өндірістен бөлінетін зиянды заттарды кемітуден бастап түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Сондай шаралардың бір парасына инновацияға негізделген отандық стартаптар саны артып келеді. 2021 жылдың қыркүйек айында құрылған Airee Felt LLC жекеменшік компагиясы моңғол қойының жүнінен әзірленген ауа тазарту құралдарының үш түрін жұртшылық назарын ұсынып отыр. Дәлірегі, ғимараттағы ауаны тазартуға арналған құралдар турасында сөз болып отыр бұл арада. Airee Felt LLC компаниясы Rio Tinto және Investcor NBFI біргіп құрған «ReCycle» инвестициялық қорының қолдауымен өз қызметін кеңейтіп келеді - ішкі нарыққа қой жүнінен жасалған сүзгісі бар, 100% биологиялық тұрғыдай ыдырайтын ауа тазартқышты сынақтан сәтті өткізді. Мұндай ауа тазартқышт құрылғы канцерогенді ұшпалы, органикалық қосылыстарды (ЛОС) сіңіруге және PM2.5 бөлшектерінің 99 пайызын сүзуге қабілетті. Ауа тазалағыштарда әдетте қолданылатын HEPA сүзгілері синтетикалық материалдардан жасалған және 99.97% бөлшектерді сүзе алады, алайда, табиғатта немесе қоршаған ортада олар 30 немесе одан да көп жыл бойы ыдырайды. Ал, аталмыш компания әзірлеген қой жүнінен жасалған сүзгі бөлшектерді сол деңгейде сүзу артықшылығына ие, ең бастысы - 100% табиғи өнім, бірнеше ай бойы толық ыдырайды және қоршаған орта үшін қауіпсіз. «Airi Felt LLC» компаниясы қой жүнінен және полимер мақтадан синтетикалық киіз шығарады. Алдымен шикізат мақтаға иіріледі, содан кейін 80:20 арақатынасында араластырылады. Аралас киіз кардолық тараудан, тараудан өтеді және автоматты желіде басылады, содан кейін бұйымның қалыңдығына байланысты Целсия бойынша 170-190 градус температурасында ыстықтай прокаттауға (яғни, пішіні мен құрылымын жобаланған қалыпқа келтірудің өндірістік процесі) жатады. Үтіктелген және сығымдалған өнім оралады және қоймада сақталады. Әлеуметтік жауапкершілігін орындау үшін Airy Felt LLC компаниясы өзінің ауа тазартқыштарын балабақшаларға тегін береді. Компания, сондай-ақ, ауаның ластануының денсаулыққа теріс әсері және оның алдын алу тәсілдері бойынша оқыту курстарын ұйымдастыра отырып, ұйымдармен ынтымақтасады, сондай-ақ, балабақшаларға ауа тазартқыштар орнатады. Қой жүнінен жасалған сүзгі синтетикалық сүзгі секілді қоршаған ортаны микропластикпен ластамайды. Аз уақытта толық ыдырап жоқ болады. Моңғол қойының жүні парникті газды аз бөледі атмосфераға. Бұл артықшылық өнімнің бәсекеге жарамдылығын арттыра түседі. Airee Felt LLC компаниясының өкілдері қазірдің өзінде Германия мен Түркияға ерекше сүзгіні экспорттау бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.
![]()
![]()
![]()