Мұнайға бай екі ел арасындағы ауқымды жоба жүзеге асырылады
Мұнайға бай екі ел арасындағы ауқымды жоба жүзеге асырылады
2 жыл бұрын 1167 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мұнай шикізаты қоры бойынша әлемде бірінші орында тұрған (барланған, яғни, дәлелденген қоры - 302 300 000 000 баррел), алайда, ел аумағындағы қазба байлықты национализациялау бастамасына байланысты АҚШ бастаған түрлі шектеулер салдарынан экономикасы шатқаяқтаған Венесуэла ядролық бағарламасына байланысты санкция салынған Иранмен саяси әрі экономикалық жақындасып, ынтымақтастықты тереңдетуде. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде шиғалар елінің аграрлық ауымдастығының жетекшісі Әлі Резуанизадке жөн сілтеген Iran International телеарнасына сілеме жасай отырып мәлім етеді. Венесуэла билігі негізгі одақтасы Иранға ауыл шаруашылық жобалары үшін  1 млн гектер жерді жалға бермек. Осылайша екі елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бұл мәміле аясында ирандықтар Латын Америкасында жүгері, т.б. дәнді дақылдар мен жеміс-жидек және көкөніс өсірмек. Иран аумағы жаһандық жылынуға байланысты құнарынан айырылып, құрғақшылық жайлап, шөл және шөлейтке айналуда, бұдан бөлек, халық саны жылдан жылға өсіп келеді. Иран билігі шетелден кем дегенде азық-түлік қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету үшін 7 млн гектар жерді жалдауға мұқтаж екенін жасырмайды. Ал Венесуэла он шақты жыл болып қалды, әлемнен оқшауланып қалғанына. Латын америкасындағы осынау елге санкция салуын автократиялық режимнің үстемдік құруымен байланыстырады, бұдан бөлек, адам құқығы, сөз бостандығы секілді демократиялық құндылықтардың аяқ асты болуы да әлем қауымдастығын алаңдатып отыр. Венесуэла Солтүстік Корея секілді саяси әрі экономикалық шектеулер ұзаққа созылған әлемдегі санаулы мемлекеттердің бірінен саналады. Дегенмен сарапшылар елдегі экономикалық қиындықтарды санкциядан бұрын автократиялық режимнің үстемдік құруымен байланыстырып отыр. Яғни, экономиканың әртараптандырылмауы, инфрақұрылымның тозуы, т.б. санкция салдарынан немесе инвестицияның болмауынан емес,, ең алдымен биліктің жүргізіп отырған біржақты саясатынан көретін сарапшылар қарасы қалың. Өйткені, Венесуэла мұнай шикізатынан бөлек, жері құнарлы, ауыл шаруашылық әлеуеті жоғары ел саналады.

0 пікір
Мұрағат