Балдырдан жасалған терезе жылу бөліп, көмірқышқыл газын сіңіреді
Балдырдан жасалған терезе жылу бөліп, көмірқышқыл газын сіңіреді
2 жыл бұрын 1159 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Greenfluidics

Greenfluidics компаниясы BIQ терезесін жұрртшылық назарына ұсынды. Ол ішіндегі балдырдан жасыл түсті болып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы greenfluidics.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл терезенің көптеген функциясы бар: біріншіден, өсімдік секілді көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегі бөледі. Терезелердің ішіндегі балдырлар көмірқышқыл газын су мен күн сәулесі арқылы өткізіп, СО2-ны ұстап қалады. Фотосинтез процесінен биомасса артып, оттегі түзіледі. Күн сәулесі неғұрлым көп болса, балдырлар соғұрлым тез өседі. Ондағы балдырдың  0,3 м² аумағы шамамен 0,6 м² көмірқышқыл газын сіңіреді. Екіншіден, терезе желдеткішке түсетін күшті азайтады – күн жылуын ғимарат ішіне өткізбейді, биомассаны сүзгіден өткізіп, биоотынға айналдырады. Осы жылумен ғимараттағы суды ысытуға жетеді. Үшіншіден, BIQ терезелері жылуды жинап, оны термоэлектрлік генератор арқылы өткізіп, электр энергиясын өндіре алады. Бұл энергияны тұрмыстық қажеттіліктерге пайдалануға болады.

 

0 пікір
Мұрағат