|
Мұсылман әйел жалғыз өзі тұтас бір тайпаның өмірін өзгертті (фото)
|
Себде Себан Усак есімді түрік әйел әуесқой фотограф әрі саяхаттағанды жақсы көреді. Ол әлемді шарлап жүріп, Танзаниядан болашақ жарын кезіктіреді. Тұрмыс құрған соң ол танзаниялық мұсылмандардың өмірін жақсартуға көмектеседі. Ол бірнеше қайырымдылық қорына екі мың адамнан тұратын масай тайпасы туралы айтып, нәтижесінде төрт құдық қазылады. Мұнымен ғана шектеліп қалмай, жергілікті тұрғындарды көкөніс пен жеміс-жидек, басқа да бақша өнімдерін өсіруге баулиды. Қазір онда өсімдіктің 15 түрі өсіріледі. Оның бұл еңбегі елеусіз қалмай, әлеуметтік желіде дәріптеліп, көптеген марапатқа ие болады. Тіпті, Түркияның дін істері жөніндегі басқарма тарапынан халықаралық қайырымдылық қозғалысқа қосқан үлесі үшін марапатталды.
![]()
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды
