|
Мұсылман босқындар қарасы азаяр емес
|
Ислам ынтымақтастық ұйымы хабарлағандай, ел жағалап отанынан қашқан босқындар санының өсуі толастар емес.
2013 жылы жалпы мұсылман босқындардың саны 12 693 075 болса, 2014 жылы бұл көрсеткіш 17 миллионнан асқан. Бұл өз кезегінде босқындардың саны 34 пайызға өскенін көрсетеді.
Қазіргі таңда ішкі қақтығыстар салдарынан халқы босқынға айналып бара жатқан 14 мемлекет бар. Олардың басым бөлігі Мьянма мен орталық Африка елдерінен.
Сирия елінің өзінде босқындар саны 6,5 млн-ға жеткен. Иракта бұл көрсеткіш 2,53 млн. Ал, Нигерияда 1,2 млн босқын бар. Сомалида 1,1 млн босқын тіркелген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Биылдан бастап созылмалы ауруы бар адамдар қажылыққа жіберілмейді
■
Пакеттер мен тауар қаптамаларында Алланың 99 есімін жазуға (басуға) тыйым салынады
■
Араб елі балаларына қарап отырған аналарға алыстан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін саясатты жүргізеді
■
Бүкіл әлемдік банк сарапшысы Малайзияның үш жетістігінің бірі ретінде халал экономиканы қалыптастырғанын атады
■
Saudia әлемдегі алғашқы қажылардың денесін салқындататын ихрам әзірледі (видео)