|
«Сен сасықсың!»
|
«Сен сасықсың» деп аталатын акция Ливан билігін аяғынан тік тұрғызды. Ел астанасы – Бейрут қаласындағы қоқысты шығару мәселесі ушығып, оның арты соңғы он жылда болмаған кең ауқымды тәртіпсіздікке ұласты. Шеруге шыққандар полициямен қақтығысып қалды. Соңғы он бес айдың ішінде жергілікті билік қоқыс төгетін жаңа полигон ашу мәселесінде дәрменсіздік танытты. Бықсыған қоқыстан шыққан түтін Бейрут қаласын тұмшалап тастады. Бұл жайында Lenta.ru ақпарат көзі хабар таратты. Қоқыс елдегі саяси ахуалдың қаншалықты ушыққанын көрсетіп бергендей болды. Өйткені, парламент осыдан бір жылдан аса уақыт болды, президент таңдай алмай жатыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды