Мұсылман елінің тұтас бір провинциясы ауыл шаруашылығын жүргізуде гидропонды технологияға көшеді
Мұсылман елінің тұтас бір провинциясы ауыл шаруашылығын жүргізуде гидропонды технологияға көшеді
2 сағат бұрын 41 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Пәкістанның Белужстан провинциясының билігі ауыл шаруашылығын модернизациялау үшін гидропонды технологияға көшетінін жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Times ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша аталған провинция су тапшылығына байланысты қалыптасқан тығырықтан шығуды көздейді. Бұл шешім ауыл шаруашылығын жүргізудің үнемді әрі тұрақты әдісін қолдануды ұйғарады. Гидропонды технологиялар өсімдіктерге қоректік заттарға бай суды пайдалана отырып, топырақсыз өсуге мүмкіндік береді. Бұл суды үнемдеуге және өнімділікті арттыруға көмектеседі. Бірегей жүйе жылыжай сияқты бақылауды қажет етеді - жыл бойы ауыл шаруашылығын жүргізуге мүмкіндік береді. Бастапқыда аталған провинция үкіметі суды үнемдейін жобаны 10 ауданда іске қосады. Егер нәтижесі жақсы болса, барлық ауданда жүзеге асырады. Бұл бастама қосымша жұмыс орындарын ашып, экономикалық өсуді ынталандырады.

0 пікір
Мұрағат