Мұсылман еместердің исламды қабылдауына кімдер себепкер болуда?
Мұсылман еместердің исламды қабылдауына кімдер себепкер болуда?
9 жыл бұрын 2459

Норвегиялық «Aftenposten» мерзімді басылымының хабарлауынша, жергілікті ислам дінін зерттеп жүрген Анне Софиэ Роалд осы елде жыл басынан бері шамамен 1000 адамның тура жолға түскені жөнінде дерек келтірген. Ал оның әріптесі Кари Вогттың айтуынша, 2008 жылы да осынша адам иман келтіріп, хақ жолға түскен. Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда тілін кәлимаға келтірген норвегиялықтардың қарасы бұдан үш есе көп болуы мүмкін. «Әдетте наным-сенімі бөлек адамдар мұсылманмен неке қидырғанда ислам дінін қабылдайтын. Алайда, соңғы жылдары Норвегия мен Еуропа елдерінде мұсылман еместерге сенімін ауыстыруға достары көп ықпал ететін болған», - деді Кари Вогт. Ол норвегиялық жастардың мұсылман құрбы-құрдастарының ықпалымен исламды қабылдап жатқанын жеткізді.  

0 пікір
Мұрағат