|
Мұсылмандар елі христиандардың басты мерекесін демалыс етіп жариялады
|
Мырыс билігі наным-сенім бостандығын кеңейту бағытында елеулі қадам жасады – Пасханы еңбекақысы есептелетін демалыс күні етіп ресми бекітті. Бұл жайында islam.kz порталы жаһандық ADF Iternational наным-сенім бостандығын қорғау ұйымының мәліметіне жөн сілтеген inVictory мегапорталына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, мұндай шешім өткен жылдың желтоқсан айының 30-ы күні қабылданған. Десе де бұл қаулы тек жекеменшік секторларда жұмыс істейтін христиандарға ғана қатысты. Мысыр ежелгі христиандар қауымының отаны. Сарапшылардың есебінше, бұл елде 10 млн-дай христиан өмір сүреді, яғни, халықтың жалпы санына шаққанда ел тұрғындарының 10%-нан асады. ADF International халықаралық ұйымының наным-сенім бостандығын қорғау жөніндегі директоры Келси Зорзи Мысыр билігінің бұл бастамасын қолдап, діни сенім бостандығын кеңейтуде айтарлықтай жетістік деп бағалай келе Пасханы толыққанды (мемлекеттік қызметтегі христиандар үшін де) еңбекақысы есептелетін демалыс күні етіп бекітуге шақырды.