Мұсылмандар күнтізбесін ретке келтіруді көздейді
Мұсылмандар күнтізбесін ретке келтіруді көздейді
9 жыл бұрын 3475

Түркияның дін істері жөніндегі министрлігі хижра жыл санауы бойынша күнтізбені бір ізге түсіру бағытында ел билігінің көмегімен халықаралық жиын өткізуді жоспарлап отыр. Бұл жайында «Anadolu» ақпарат көзі хабар таратты. Ислами мерекелер мен асыл дініміздегі маңызды да айтулы күндерді мұсылман елдерінің атап өтуінде айырмашылық бар. Уақыт жағынан. Бұл өз кезегінде мұсылман үмбетінің ауызбіршілігіне нұқсан келтіруі мүмкін екенін жоққа шығармайды аталмыш министрлік жетекшілері. Осыған байланысты Хижра жыл санауы бойынша ай күнтізбесі қауымдастығына мүше елдердің халықаралық жиынын өткізуді мақсат етіп отыр. Келесі жылдың, яғни, 2016 жылдың наурыз айында өтетін бұл жиынға әлемнің әр түкпірінен астрономдар, ғалымдар, заңгерлер және дін қайраткерлері шақырылады. Жиынға қатысатындар әлемнің әр түкпіріндегі мұсылмандарға ортақ мерекелер мен мейрамдарды бір мезгілде атап өту туралы бір тоқтамға келуі тиіс. Бұл мәселені шешу жолдары үстіміздегі жылдың қыркүйек айының соңына дейін ұсынылады. Жиын 7 тілде, атап айтқанда, түрік, араб, ағылшын, испан, неміс, француз және орыс тілдерінде жүргізіледі.

0 пікір
Мұрағат