|
Мьянмада Қытайдың 153 азаматы өлім жазасына кесілді
|
Baq.kz
Мьянмада Қытайдың 153 азаматы өлім жазасына кесілді. Олар елдің солтүстігінде заңсыз орман шабумен айналысқан. Кәмелет жасына толмаған тағы екі қытайлықтың әр қайсысы 10 жылдан бас бостандығынан айрылды деп хабарлайды Reuters.
Сотталғандар бұл үкімді апелляцияға беруге құқылы. Chron порталының хабарлауынша, Мьянма астанасы Янгон қаласындағы Қытай елшілігі аталған жайтқа байланысты наразылық білдіріп, сот үкімінің тым қатал екенін айтып отыр. Олардың пікірінше, қытайлықтарды заңсыз ағаш шабуға жергілікті контрабандистер итермелеген.
Айта кету керек, өлім жазасына кесілгендер осы жылдың қаңтарында қолға түскен болатын. Олар 1,6 мың түп ағашты кесіп тастаған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады