|
Семіз адамды кранның көмегімен жерледі
|
Семіздіктен зардап шегетін, дәлірегі, 220 келі тартатын, бақилық болған Найып әл-Дора есімді саудиялық мұсылман бауырымызды жерлеу үшін Азаматтық қорғаныс пен Жарты қызыл айдың көмегі қажет болды. Артық салмағы мен денесінің зор болуына байланысты дүниеден озған оны жерлеу туыстарына ауырлық тудырған. Марқұмның отбасы мемлекеттің қызметіне, дәлірегі, Азаматтық қорғаныс пен Химис-Мушаит қаласындағы коммерциялық емес Жарты қызыл ай қызметіне жүгінген. Мамандар оны жерлеу үшін құрылыста қолданылатын кранды пайдаланған. Айта кетейік, марқұмның анасы мен інісі де, екі қарындасы да семіздіктен зардап шегеді. Сөйтіп олар Сауд Арабиясы королінен семіздіктен емделу, яғни, артық салмақтан арылу үшін көмек алатын болды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды