|
Мысырда халықтың 60 пайызы күн сайын Құран тыңдайды
|
Мысырда ел тұрғындарының Құран Кәрімді зерделеуге қатысты статистикалық мәлімет пайда болды. Аталған араб елінің Quran Radio радиостансасының басшысы Мұхамед Нұрдың айтуынша, 60 миллионға тарта мысырлық, яғни, халықтың 60%-ға жуығы күн сайын Құран радиосын тыңдайды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Iqna ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Құран радиосы» қасиетті Құран Кәрімді қате түсінудің алдын алу мақсатында ашылған. «Құран радиосы» Пирамидалар еліндегі ең танымал радиостансаға айналып, тыңдарманның кең аудиториясына ие болды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады