Сауд Арабиясы асфальтқа арналған арнайы салқындатқыш жабын жасап шығарды
Сауд Арабиясы асфальтқа арналған арнайы салқындатқыш жабын жасап шығарды
6 ай бұрын 1044 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясы киелі орындардағы жаяу жүргіншілер жолдарының қызу деңгейін азайтуға көмектесетін асфальтқа арналған арнайы жабын әзірледі. Жергілікті материалдардың көмегімен жасалған ақ бет қарапайым асфальтқа қарағанда күн сәулесін аз сіңіреді және жолдың беткі жағындағы температураны Целсия бойынша шамамен 20 градусқа төмендетуге көмектеседі. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде ArabNews ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өткен жылы бұл жабын Шайтанға тас ату рәсімі өтетін Жамарат аймағына апаратын жаяу жүргіншілер жолында сынақтан сәтті өтіп, температураны 12-15 градусқа төмендете алды. Биыл жол бөлімі қажылық кезінде қажылар үшін жер беті мен ауа температурасын төмендетуге көмектесетін Намира мешітінің айналасына асфальт төсеу жобасын аяқтады. Дәлірегі, Намира мешітінің айналасындағы 25 000 шаршы метр аумаққа жабын төселді. Намира мешіті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) қоштасу қажылығы кезінде соңғы уағызын айтқан орын ретінде танымал.

0 пікір
Мұрағат