|
NASA астероидтарды «тіркеп алмақ»
|
АҚШ-тың ғарыш агенттігі хабарлағандай, адамдарды астероидтарға аттандырмақшы. Нақтырақ айтқанда, Ол үшін Ай орбитасында астероидтарды тура мағынасында тіркеп алуды көздеп отыр. NASA директорының көмекшісі Роберт Лайтфут баспасөз мәслихатында мәлімдегендей, адамдарды астероидқа қондыру сценариін әзірлеу 2015 жылдың бас кезіне жоспарланып отыр. Әзірге бұл операцияны жүзеге асырудың екі нұсқасы жасалып жатыр. Біріншісінде ғарыш аппаратын диаметрі он метрге дейн жететін астероидқа аттандырып, оны металл торына түсіріп, айдың тұрақты орбитасына жеткізу. Екінші нұсқасы да алғашқысына ұқсас. Бар айырмашылығы: айға астероидты тұтас күйінде емес, тек оның бір бөлігін апару көзделуде.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды