|
Неміс радикалы исламды қабылдады
|
Германияның «Билд» басылымы осы елдің ультра радикалды партиясы атынан Дрезден қаласы әкімдігінің мүшесі Вернер Клаунның хақ жолға түскенін хабарлады. Ол исламды қабылдап қана қоймай, босқындарға көмек көрсетіп, радикалды бағыттан бас тартқанын іспен дәлелдеуде. Айта кетейік, Дрезден - исламқа қарсы «Багида» деп аталатын еуропалық қозғалыстың іргетасы қаланған қала. Ол тілін кәліимаға келтіргеннен кейін есімін Ибрагимге өзгерткен. Оның исламды қабылдауына немістің ұлы ақыны Иоганн Вольфганг Гётенің шығармашылығы себеп болған. Сондай-ақ, ол неміс тіліне аударылған қасиетті Құран данасын оқыды. Ол исламды қабылдай салысымен мұқтаж жандарға қолұшын созып, Сириядан және Ливиядан келген төрт босқында үйіне паналатып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды